Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
«Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 508 бұйрығын қараңыз
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 680 қаулысымен бекітілген
Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі суда жүзетін кемелерін техникалық пайдалану тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағида ішкі суда жүзетін кемелерді техникалық пайдаланудың негіздерін, жобалық немесе берілген (белгіленген) техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сәйкес кемелерді авариясыз және тиімді пайдалану үшін оларды жарамды техникалық жай-күйде ұстауды қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін айқындайды. 3. Осы Қағиданың ережесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының аясында пайдаланылатын, аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді қоса алғанда, ішкі су көлігі кемелеріне қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|