Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін белгілеу туралы
Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 «Сауда қызметін реттеу туралы», 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын орындау мақсатында, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1 қосымшаға сәйкес Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелері белгіленсін. 2 Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Ш. Ержанов) маусымдық сипаттағы азық-түлік өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс-көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын. 3 Ақтау қаласы әкімдігінің 2010 жылдың 12 мамырдағы № 504 «Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда нүктелерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-133 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы № 90-91 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4 Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Н. Молдағұловқа жүктелсін. 5 Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|