| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру (2011.09.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.09.03. № 238 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.09.03. № 238 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.09.03. № 238 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2102 қаулысымен бекітілген
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандартқа 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары көші-кон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көші-қон полициясы бөлімшелері) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңының 2, 4-баптарына, «Халықтың көші-коны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 24-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысымен бекітілген Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі тәртібінің 18 - 23-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінің 7, 8-1, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 15-тармағына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) www.mvd.kz және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) интернет-ресурсында, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясының бөлімшелерінде орналасқан стенділерде орналастырылады. 5. Азаматтарды тіркеу кітабында, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерінде тіркеу туралы мөртаңба қою немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нәтижесі болып табылады. 1) «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар; 2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде уақытша болатын (визалар негізінде не кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісімнің негізінде) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған және өтінішті қабылданғаны туралы талонды алған сәтінен бастап - күнтізбелік 60 күн; 2) мемлекеттік қызметті ұсыну үшін қажетті құжаттарды өткізу кезінде тұтынушының кезек күтуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут; 3) тіркеуді жүзеге асыру кезінде алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 минут. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті телемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабына сәйкес мемлекеттік баж алынады, ол мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызын құрайды. Мемлекеттік баждың сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүргізіледі, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын құжат береді. 9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күнінде ұсынылады, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, сондай-ақ сенбіде сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін ұсынылады. Қабылдау нақты кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін көші-қон полициясы бөлімшелерінің үй-жайлары әдетте, ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған құрылғылары бар кіретін есігі болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділерімен жарақталады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы: 1) «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар адамдар: Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері және көші-қон полициясы бөлімшелері беретін «тұрақты тұру үшін» санатындағы визасы бар жарамды паспортын немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; өлшемі 35x45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алуы тиіс); 2) Қазақстан Республикасында өзге де заңды негізде уақытша болатын адамдар: бланкісін көші-кон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері беретін өтініш-сауалнаманы; кету парағы не шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде болуы мүмкін шетелдіктің азаматтығы мемлекетінің жазбаша келісімін; тұтынушы еркін нысанда жасайтын өмірбаянын; жарамды паспортты немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары беретін медициналық куәландыру туралы ресми анықтаманы; Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем қабілеттігін растау туралы белгіленген үлгідегі құжатты; өлшемі 35x45 мм екі фотосурет (фотосурет тұтынушының жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75 %-ға жуығын алуы тиіс) ұсынады. Ескертпе: Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінен, сондай-ақ оралмандардан 2) тармақшаның жетінші абзацында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Ішкі істер органдары құжаттарды заңды және жеке делдал тұлғалардан қабылдауды жүзеге асырмайды. Тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы оң шешім шығарылған жағдайда тұтынушы көші-қон полициясы бөлімшесіне: шетелдікті не азаматтығы жоқ адамды тіркеуге келісім беретін адамның азаматтарды тіркеу кітабын; мемлекеттік бажды төлегені туралы құжатты; бланкісі көші-қон полициясының бөлімшелерінде берілетін толтырылған мекенжай келу парағын; бланкісі көші-қон полициясының белімшелерінде берілетін келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын көрсетеді. 12. Бланкілерді көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ ІІМ-нің www.mvd.kz, ІІД-нің интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде орналастырылады, олардың тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген. 13. Толтырылған өтініштер мен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген бланкілер тұтынушының болатын жері бойынша көші-қон полициясы бөлімшелеріне тапсырылады. 14. Көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері тұтынушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдағаны туралы талон береді. 15. Тіркеу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдыру мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы тұтынушыға көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ішкі істер органдарының басшылары қорытындыға қол қойған сәттен бастап 7 жұмыс күні мерзімінде телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етеді. 16. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға: 1) көрінеу заңсыз көшіп-қонушыларға, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін өздері шыққан елдердің заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған адамдарға; 2) сотталғанға дейін тұрақты тұратын жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға; 3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға; 4) оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, өзінің төлем қабілеттілігін растауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде табыс етпеген адамдарға; 5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдарының қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепші болуы мүмкін сырқаты бар адамдарға; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның, ішкі істер органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шешімдері негізінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған адамдарға; 7) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандыратын адамдарға; 8) әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған адамдарға; 9) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шыққан, оның бірлігі мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырған адамдарға; 10) террористік әрекеті, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға. Бұл ретте қылмыстың ауырлығы, сотталғандығының болуы немесе болмауы Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады; 11) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхатпен жолданған кезінде өзі туралы жалған мәліметтер хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қажетті құжаттарды дәлелсіз себептермен тапсырмаған адамдарға; 12) Қазақстан Республикасынан бұрын шығарып жіберілген адамдарға; 13) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажет болса, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңның 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады.
17. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезінде заңдылықты, Ішкі істер органдары қызметкерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын ІІМ-нің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша ІІД-нің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің, (бұдан әрі - КҚПК) ІІМ хатшылығынан алуға болады. 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетіне мына мекенжай бойынша береді: Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі, 23/1, телефон: 20-55-73. Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 9-00 бастап 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін. 22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атына мынадай мекенжай бойынша: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1; телефон: 8 7172) 71-40-10, факс 8 (7172) 37-06-01, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін, сондай-ақ www.mvd.kz интернет-ресурсында беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым ерікті нысанды жазбаша түрде пошта, электрондық пошта не ІІО-ның, ІІД-нің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы комитетінің, ІІМ-нің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. 25. Қабылданған шағым ішкі істер органының ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі. Өтінішті/арызды күні мен уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады. 26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты мынадай мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Ы. Дүкенұлы көшесі 23/1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті; ІІМ-нің интернет-ресурсы: www.mvd.kz, «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, қабылдау бөлмесінің телефоны 8 (7172) 20-55-73, осы стандартқа қосымшаға сәйкес ІІД-ден алуға болады.
Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2101 қаулысымен бекітілген мемлекеттік 1-қосымша
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |