Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы (2013.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 46 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 700 қаулысымен бекітілген
Республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасудың және сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырудың тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) басқару органы - акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік республикалық кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы; 2) нарықтық құн - кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын объектінің құны; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|