Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның
Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 3) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары; 4) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару және оның патрондары айналымының ережесінде: 2, 10, 11, 12-тараулар, 11 және 12-қосымшалар алынып тасталсын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметті лицензиялау жөніндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 22, 240-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 787 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 57 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 29-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы. 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 692 қаулысымен бекітілген
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Осы ереже «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді әрі азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялаудың тәртібін белгілейді. 2. Қызметтің осы түрлерін лицензиялауды Ішкі істер министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. 3. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті тұлға қол қояды және лицензиардың мөрімен расталады. 4. Лицензия иеліктен алынбайтын және лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайтын болып табылады. 5. Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде лицензиат заңнамада белгіленген тәртіппен оларды сақтауға және пайдалануға рұқсат алады. 6. Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге, жасауға, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтініш; 2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) қызметтің осы түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. Лицензиар лицензияны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі органдарына санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беруі туралы сауал жібереді. 7. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі органдары лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді. 8. Лицензиарға лицензия беру үшін ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі). 9. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, жасауды, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, экспонаттауды жүзеге асыруға арналған лицензия мерзімі шектелмей берілетін бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Лицензиялар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып, қызметтің бірнеше түрлеріне, сондай-ақ жекелеген түрлеріне де беріледі. 10. Қару мен патрондарды жасауды қаруды жасауға (зерттеуге, әзірлеуге, сынауға, дайындауға, сондай-ақ көркем өңдеуге, жөндеуге, жинауға, қайта жасауға және жоюға), патрондар мен олардың құрамдас бөліктерін дайындауға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады. 11. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға арналған лицензия осы мақсаттар үшін арнайы құрылған ұйымдарға беріледі. 12. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған лицензия 1-қосымшаға сәйкес 12 ай мерзімге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. 13. Қару сатып алуға арналған лицензия мыналарға беріледі: 1) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге, жасауға, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға арналған лицензиясы бар заңды тұлғаларға; 2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерін қоспағанда, күзет қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар субъектілерге; 3) лауазымды тұлғаларына қызметтік қаруды (тапаншаларды, револьверлерді) сақтау және алып жүру құқығы берілген мемлекеттік органдарға; 4) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаларға; 5) спорттық ұйымдарға. 14. Қызметтік қаруды сатып алуға арналған лицензияны бірінші рет ресімдеуші өтініш беруші аумақтылығы бойынша Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттеріне, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттеріне (бұдан әрі - Астана және Алматы қалаларының ІІД, облыстардың және көліктегі ІІД) мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтініш; 2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) қызметтің осы түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 15. Қайта өтініш білдіргенде өтініш беруші осы Ереженің 14-тармағының 1), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттардың көшірмелерін ұсынады. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе қайта тіркелген, қару сатып алуға және сақтауға жауапты адам ауысқан кезде өтініш беруші осы Ереженің 14-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады. 16. Лауазымды тұлғаларына қызметтік қаруды (тапаншалар, револьверлер) сақтау және алып жүру құқығы берілген орталық мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметтік қаруын сатып алуға арналған лицензияны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ҚР ІІМ) береді. Лауазымды тұлғаларына қызметтік қаруды (тапаншалар, револьверлер) сақтау және алып жүру құқығы берілген өзге мемлекеттік органдардың қызметтік қаруды сатып алуға арналған лицензияны осы Ереженің 14-тармағының 1), 6) және 7) тармақшаларының талаптарына сәйкес заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша Астана және Алматы қалаларының ІІД, облыстардың және көліктегі ІІД береді. 17. Спорттық қаруды сатып алуға арналған лицензияны осы Ереженің 4-тармағының 1), 2), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарына сәйкес спорттық ұйымның тіркелген жері бойынша Астана және Алматы қалаларының ІІД, облыстардың ІІД береді. 18. Қару сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған лицензияны Астана және Алматы қалаларының ІІД, облыстардың ІІД олардың тіркелген жері бойынша қару мен оның патрондарын жеткізуге жасасқан нақты шарттың (келісім-шарттың) спецификациясымен қоса береді және басқа шарт (келісім-шарт) бойынша іс-әрекет жасаған кезде пайдаланылмайды. Жарақаттайтын қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған лицензия адамға әсер ететін зақым келтіру факторларының жол берілетін белгіленген нормаларына қарудың осы түрі мен оның патрондарының сәйкестігі туралы уәкілетті орган растағаннан кейін беріледі. 19. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар, күзет қызметі субъектілері, спорттық ұйымдар қызметтік және азаматтық қаруды 2-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтерді келіскеннен кейін және ішкі істер органдарынан тиісті лицензия алғаннан кейін «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару және олардың айналымы ережесінің 2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9, 10, 10-1, 10-2, 10-3 (құпия), 10-4-қосымшаларында көрсетілген қарудың түрлеріне, типтеріне, модельдеріне және санына сәйкес сатып алады. 20. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензия береді не лицензияны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 21. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. 22. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді. 23. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресімделген) кезде алынады. 24. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдай лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады; 3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылады. 26. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензиар өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 27. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымданады. 28. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы. Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында “Телнұсқа” деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді. 29. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді. 30. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда; 2) жүзеге асыруына лицензия берген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда; 3) лицензиядан айырғанда; 4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда; 5) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда; 6) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрі алынып тасталғанда тоқтатылады. 31. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтарады. 32. Лицензияның қолданылуын тоқтату, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 33. Осы Ереженің негізінде заңды және жеке тұлғаларға берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін лицензиар белгіленген үлгідегі лицензиялар бланкілерін береді, олар қатаң есептегі құжаттар болып табылады. Бланкілерді есепке алу лицензиялар тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Лицензиялар тізілімінде «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесіне 1-қосымша
кестенің жалғасы
Азаматтық және қызметтік атыс қаруын және оның патрондарын, суық қаруды, газды қаруды, және оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі лицензиялау ережесіне 2-қосымша
Келісілді Келісілді _______________ _______________ (ІІМ) (К)ІІД)
М.О. М.О. 200__жылғы «__»______ 200__жылғы__»______ _____________________ _____________________ (қолы) (қолы)
Қолда бар және қажетті қару мен оның патрондарының саны туралы мәліметтер
1.__________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, почта индексі, толық мекен-жайы) 2. Қызмет түрі______________________________________________________ 3. Ішкі, сыртқы бекеттердің және ұтқыр топтардың саны (бөлек) ____________________________________________________________________ 4. Ішкі, сыртқы күзет бекеттердің және ұтқыр топтардың жеке құрамының саны (бөлек) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 5. Қолда бар қару мен патрондардың саны ____________________________ 5.1. Жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _________ 5.2. Винтовкалар, карабиндер ____ 5.3. Тапаншалар ____ 5.4.Револьверлер ____ 6. Патрондар _____________________________________________________ (қарудың әр түрі бойынша бөлек)
7. Жарамсыз деп тапсыруға арналған қару мен оның патрондарының саны: 7.1. Жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар ______ 7.2. Винтовкалар, карабиндер ______ 7.3. Тапаншалар ______ 7.4. Револьверлер _________ 6. Патрондар _____________________________________________________ (қарудың әр түрі бойынша бөлек) 9. Қажет саны: 9.1. Атыс қаруы: 9.1.1. Жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _______ 9.1.2. Винтовкалар, карабиндер ____ 9.1.3. Тапаншалар _____ 9.1.4. Револьверлер _____ 9.2. Патрондар: 9.2.1. Төмендетілмейтін қор ______________________________________ (қарудың әр түрі бойынша бөлек) 9.2.2. Оқу атыс жаттығуларына_____________________________________ (қарудың әр түрі бойынша бөлек) 9.2.3. Қаруды атуға дайындауға____________________________________ (қарудың әр түрі бойынша бөлек) 10. Ауысымға (қарауылға) шығу үшін сатып алынатын патрондардың саны __________________________________________________________________
11. Қару мен патрондардың қажетті санына арналған мәліметтер мыналардың негізінде жасалды _____________________________________ __________________________________________________________________ (тиесілілік нормалардың атауы, қашан және кім белгіледі)
М.О. Заңды тұлға басшысының қолы _________________________
|