Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) (2010.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары; 3) Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «мүлікті бағалау» деген сөздерден кейін «(зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау» деген сөздермен толықтырылсын. 1) «Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 821 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 438-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № № 419 қаулысымен бекітілген
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - заң) сәйкес әзірленді және мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.15.04. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: лицензия - лицензиардың жеке немесе заңды тұлғаға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсаты; лицензиар - заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті; лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға; уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамның біліктілік емтиханынан өткенін растайтын құжат. 3. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, қызметі тоқтатыла тұрған, қалпына келтірілген және қолданысы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялардың тізілімін (бұдан әрі - тізілім) жүргізеді. Мәліметтер тізілімге заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес енгізіледі. 4. Лицензиар лицензияны мынадай қызмет түрлері бойынша береді: 1) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда); 2) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау. «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда)» деп көрсетілген лицензияның негізінде жылжымайтын мүлікті (мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды қоспағанда) бағалау, жылжымалы мүлікті (ақша мен бағалы қағаздарды қоспағанда) бағалау жүзеге асырылады. «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау» деп көрсетілген лицензияның негізінде зияткерлік меншік құқығы объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау жүзеге асырылады. 1) және 2) тармақшаларға сәйкес мүліктің түрлері көрсетілген лицензиялардың негізінде жылжымайтын мүлікті бағалау, жылжымалы мүлікті бағалау, бағалы қағаздарды, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы жарналарды, үлестерді (салымдарды) бағалау, зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын бағалау, сондай-ақ мүлік кешені ретіндегі кәсіпорынды бағалау жүзеге асырылады. 5. Лицензиялар қолданылу мерзімі шектелмей беріледі және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына қолданылады. 6. Лицензия бланкілері қатаң есептегі бланкілер болып табылады, олардың тіркеу нөмірі болады. 7. Лицензиар лицензия бланкілерінің есебін алуды және сақтауды жүзеге асырады.
8. Лицензиялар мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі. ҚР Үкіметінің 2010.15.04. № 318 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Жеке тұлғалар лицензия алу үшін лицензияларға мынадай құжаттарды: 1) белгіленген үлгідегі өтінішті; 2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 4) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары берген дипломдардың көшірмелерін не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе халықаралық шарттарда (келісімдерде) көзделген тәртіппен және шарттарда шет мемлекеттің Қазақстан Республикасында танылатын дипломдарының көшірмелерін; 5) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау (егер оның болуы біліктілік талаптарында көзделсе) бойынша арнайы дайындықтан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелерін; 6) уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімінің көшірмесін ұсынады. Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшін берілмеген жағдайда жеке тұлғалар құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады. ҚР Үкіметінің 2010.15.04. № 318 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Заңды тұлғалар лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды: 1) белгіленген үлгідегі өтінішті; 2) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін. Шетелдік заңды тұлға үшін - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатынын растайтын құжаттың көшірмесін; 4) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы (-лары) бар жеке тұлғалардың тізімін және олардың негізінде өтініш беруші заңды тұлғамен еңбек қатынастарында тұрған құжаттардың көшірмесін ұсынады. Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың түпнұсқасы салыстыру үшін берілмеген жағдайда заңды тұлғалар құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады. Құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша ұсынған жағдайда құжаттың түпнұсқасы салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады. 11. Лицензия алу үшін қажетті құжаттарды өтініш берушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат бойынша не тапсырыс хатпен ұсынады. 12. Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың анықтығына заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады. 13. Лицензияны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (беріледі). ҚР Үкіметінің 2010.15.04. № 318 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Лицензия беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім лицензиардың бұйрығымен ресімделетін өтініш берілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. 15. Заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша Лицензиар лицензияны беруден бас тартады. Лицензия беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тарту себептері көрсетіле отырып жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі (жіберіледі). Бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. 16. Лицензиялар мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді. Берілген тіркеу нөмірі бар лицензия өтініш берушіге немесе сенімхат бойынша уәкілеттік берілген өкілге қол қойылып беріледі не тапсырыс хатпен жіберіледі. 17. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген, сондай-ақ қызметінің түрі өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. 18. Лицензияны қайта ресімдеу лицензиат өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және оны алу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Лицензиар лицензияны қайта ресімдеу кезінде тізілімге тиісті мәліметтерді енгізеді. Лицензияның қайта ресімделгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. 19. Лицензиаттың лицензияны жоғалтқан, бүлдірген кезінде оның телнұсқасын алуға құқығы бар. Жоғалған, бүлінген лицензия бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның және (немесе) лицензияларға қосымшалардың жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып) берген күнінен бастап жарамсыз деп танылады. Лицензиар өтініш берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір беріп және жоғарғы оң жақ бұрышына»«Телнұсқа» деген жазбамен лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді. 20. Заңды тұлғаға берілетін лицензияға заңды тұлғаның атынан мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізімі қоса беріледі. Лицензиат тізімде көрсетілген адамдардың құрамы өзгерген кезде бір ай мерзімде лицензиарға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жаңа тізім ұсынады (жібереді). Жаңа жеке тұлғаны тізімге енгізген жағдайда лицензиат сол тұлғаның мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынады. Тізімде көрсетілген адамдардың құрамы өзгерген кезде лицензиат лицензиарға заңды тұлғаның атынан мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың бұрын берілген тізімінің түпнұсқасын қайтаруы тиіс. 21. Заңды тұлғаның филиалы ашылған жағдайда лицензиат бір айдың ішінде бұл туралы филиалдың мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерін көрсете отырып лицензиарға хабарлайды.
22. Лицензиаттар: 1) лицензияның күшін тоқтата тұру, тоқтату немесе айыру мәселесі бойынша барлық материалдармен таныса; 2) лицензиардың заңсыз әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдана алады. Лицензиаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да құқықтары бар. 23. Лицензиаттар лицензияның жоғалғаны туралы, сондай-ақ лицензиаттың орналасқан жерінің өзгергені туралы көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, лицензиарға бір ай мерзімде хабарлайды. 24. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда: 1) лицензиядан айырғанда; 2) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда; 3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда; 4) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің түрі алып тасталса тоқтатылады. 25. Лицензиаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырғаны үшін жауапты болады. 26. Лицензиаттың мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және/немесе зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 1) лицензиат қызметінің Қазақстан Республикасының бағалау қызметін реттейтін заңнамасына сәйкестігіне тексеру жүргізеді; 2) заңнаманың нақты бұзылуын көрсете отырып және нақты мерзімде жою жөніндегі ұсыныстармен тексерулердің нәтижелері негізінде актілер (хаттамалар) жасайды; 3) анықталған бұзушылықты жоюға лицензиатты міндеттейтін шешім шығарады; 4) өз құзыреті шегінде лицензиаттардан ақпарат сұратады. 28. Лицензияның әрекетін тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.15.04. № 318 Қаулысымен біліктілік талап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысымен бекітілген
Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі. 2. Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы; 2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бойынша арнайы даярлықтан өтуі; 3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі. 3. Заңды тұлғаның штатында мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, не осы заңды тұлға негізгі жұмыс орны болып табылатын кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алады.
ҚР Үкіметінің 2010.15.04. № 318 Қаулысымен біліктілік талап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысымен бекітілген
Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктілік деңгейі осы талаптарға сәйкес келетін өтініш берушіге беріледі. 2. Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) «бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімінің және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімінің болуы; 2) жоғары экономикалық және (немесе) техникалық білімі бар тұлғалар үшін зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау бойынша арнайы даярлықтан өтуі; 3) Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханынан өтуі. 3. Заңды тұлғаның штатында зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар не заңды тұлғаның директорын қоса алғанда, осы заңды тұлға негізгі жұмыс орны болып табылатын кемінде екі қызметкері болған кезде заңды тұлға зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия |