Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы бекітілсін. 2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 21-і.
№ 119
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 119 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы
Мазмұны
1-бөлім. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың пайымы 3-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру құралдары
1-бөлім. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамытудың пайымы
Кіріспе
Меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады. Осы Тұжырымдамада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ағымдағы ахуалды талдау ұсынылған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттары мен оны іске асырудың түйінді тетіктері айқындалған. Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін рәсімдеуге және оны әрі қарай кәсібилендіруге бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз болады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|