Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы (2012.07.02. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1700/27 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қоргау туралы» Заңының 20-бабына, Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 79/29 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012.07.02. № 299/5 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін: 1) табысына және отбасы кұрамына қарамастан, азаматтардың мынадай санаттарына (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын адамдардан басқа) жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек: қайтыс болары алдында жұмыс істегендер; қайтыс болары алдында «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Бөлім) есепте тұрған жұмыссыздар; стационарлық емделуде жүрген кезде қайтыс болғандар; зейнеткер жасы алдындағы жұмыс істемегендер: жұмыспен қамту органдарында тіркелуіне қарамастан ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан; жұмыспен қамту органдарында тіркелуіне және жасына қарамастан, Ауғанстандағы соғыс әрекетіне, Чернобыль атом электр станциясында (бұдан әрі - ЧАЭС) апат салдарын жоюға қатысқан жұмыссыздар; туберкулезбен, онкологиялық аурумен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруынан қайтыс болғандар; жедел әскери кызметтерде қайтыс болғандар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|