Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидасын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 790 қаулысымен бекітілген
Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарымен тіркеп сүйреген кезде барлық кемелерге, салдарға және өзге де жүзу объектілеріне олардың тиесілілігіне қарамастан қолданылады. 3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тіркеп сүйреу - бірге қосылған және өздігінен жүретін арнайы кеменің көмегімен қозғалу үшін бір немесе бірнеше жүзу объектілерін тасымалдау; 2) тіркеп сүйретілетін объект - тіркеп сүйреуге ұсынылған кеме, сал және өзге де жүзу объектісі; 3) тіркеп сүйреу құрамы - тіркеп сүйрейтін кемені қоса алғанда, өзара қосылған бір немесе бірнеше кеме, сал және өзге де жүзу объектілері; 4) тіркеп сүйрегіш кеме (сүйрегіш) - кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу жөніндегі жұмыстарды орындайтын өздігінен жүретін кеме; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|