«Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 777 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 143-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 27 шілдедегі № 867 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегi № 326 қаулысымен бекітілген
Борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу ережесi
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және банкроттық рәсімдерінде сауда-саттыққа қатысуға тең қол жетімділік, сауда-саттыққа қатысушылардың бәсекелестігі қағидаттарында талап ету құқықтарын қоса алғанда, борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөнінде сауда-саттық жүргізу тәртібін реттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аукциондық нөмір - сауда-саттыққа қатысушыға берілетін нөмір; 2) жеңімпаз - аукцион лоты үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы; 3) лот - аукционда бір мезгілде сатылатын зат немесе бірнеше заттар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|