Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы (2013.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 113 Қаулысымен күші жойылды
«Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығын қараңыз
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 826 қаулысымен бекітілген
Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау тәртібін реттейді, ол мыналарды: 1) жүкті жеткізу мерзімін; 2) жүкті автомобильмен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін; 3) тауар-көлік жүкқұжатының нысанын және оны қолдану тәртібін; 4) жүк тиеу және түсіру пункттеріне қойылатын талаптарды; 5) жүктерді автомобильмен тасымалдауға қабылдау, сондай-ақ жүкті межелі пунктінде өңдеу, сақтау және беру тәртібін; 6) тез бүлінетін жүкті өткізу тәртібін; 7) құндылығы жарияланған жүктерді тасымалдау тәртібін; 8) жүкті таңбалау тәртібін; 9) жүкті пломбалау тәртібін; 10) актілер жасау тәртібін; 11) жүкті тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртібін; 12) жүкті ұстап қалу тәртібін; 13) жүктің жекелеген түрлерін тасымалдау тәртібін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|