Білім беру қызметіне қойылатын лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2010.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Лицензиялау туралы » 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Білім беру қызметін лицензиялау ережесі; 2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысымен бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғалардың білім беру қызметі ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Білім беру қызметінің мынадай кіші түрлері лицензиялануға тиіс: мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың және балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бойынша қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі; мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі; бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі; халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі. 3. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензия алу үшін лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) өтінішті; 2) Жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесін; 3) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін; 5) білім беру қызметін жүргізу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты; 6) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды. Лицензиясы бар білім беру қызметі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 6. Лицензиар білім беру ұйымының өтінішін қарау үдерісінде білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды тексеру мақсатында сараптама жүргізеді.
3. Лицензиядан айыру және оның қолданылуын тоқтата тұру
ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысымен бекітілген Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) мектепке дейінгі ұйымдарға тәрбиеленушілердің жас шамасына және санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес топтың толымдылығына сәйкес қабылдауды жүзеге асыруы; 2) жоғары және бірінші санаттағы тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы; 3) оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 4) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының белгіленген нормативтерге сәйкес тәрбиеленушілердің дене бітімі, зияткерлік және жеке тұлғасының дамуы үшін ойын материалдары мен жабдықтардың, балаларға арналған және әдістемелік әдебиеттің болуы; 5) тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетудің болуы; 6) тәрбиеленушілерге арналған тамақтандыру объектісінің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.05.12. № 2020 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару, жедел басқару немесе мүліктік жалдау (жалға алу) құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Бастауыш білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; 2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 20 пайызынан кем болмауы; 3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 4) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы; 5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Негізгі орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; 2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы; 3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 4) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы; 5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; 2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы; 3) сыныптар толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 4) білім алушылар контингентіне шаққанда, бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы; 5) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 6) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Балаларға арналған қосымша білім беру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары: 1) жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы; 2) оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы; 4) балалар жасы - 6 жастан 18 жасқа дейін; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) жұмыс оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; 2) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы; 3) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының 30 пайызынан кем болмауы; 4) топтардың толымдылығы мен оқу алаңының санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 5) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) тиісті кәсіптер немесе мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарын орындау үшін қажетті компьютерлік сыныппен, оқу-зертханалық жабдықпен, арнайы оқу жабдығымен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандырылуы; 7) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы; 8) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 9) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Орта білімнен кейінгі кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) білім беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 2) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының 70 пайызынан кем болмауы; 3) жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар үлесі және (немесе) магистрлар, ғылым кандидаттары, докторлары, ғылыми атақтарымен олардың жалпы санының 40 пайызынан кем болмауы; 4) оқушылар құрамына шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 40 бірлік басылымнан келетін оқу мен оқу-әдістемелік әдебиеті қорының болуы; 5) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; 6) компьютерлік сыныппен, оқу-зертхана жабдығымен, арнайы оқу жабдығымен және тиісті мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарын орындау үшін қажетті техникалық оқу құралдарымен жарақтандырылуы; 7) білім алушының бір жылғы оқуына ең төмен шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған орта білімнен кейін мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі; 8) білім беру ұйымдарының практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттарының болуы; 9) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 10) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; 11) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі орта білімнен кейін оқу бағдарламаларын іске асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. «Бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындай отырып, жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру; 2) университеттер, институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін ғылыми және педагогикалық қызмет жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; академиялар, консерваториялар үшін ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет жүргізу, кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау; 3) бір оқытушыға шаққанда студенттер контингентінің жоғары оқу орындарының оқу-материалдық активтеріне қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; 4) білім беру ұйымы жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 5) штаттағы оқытушылар үлесі олардың жалпы санының, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық циклдері мен бейінді пәндері бойынша: институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін 50 пайыздан кем болмауы; академиялар, консерваториялар үшін 60 пайыздан кем болмауы; университеттер үшін 70 пайыздан кем болмауы; 6) оқытушылар үлесі: ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар, ал өнер және мәдени білім беру ұйымдары үшін штаттағы оқытушылар санының Қазақстан Республикасының құрметті атақтары бар оқытушылары, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық және бейіндік пәндер бойынша оқытушылар: институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін 35 пайыздан кем болмауы; академиялар, консерваториялар, университеттер үшін 45 пайыздан кем болмауы; Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылар үлесі: ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар, сондай-ақ азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар салаларында әскери академияларды, университеттерді бітіргені туралы дипломы бар оқытушылар, жедел бөлімшелерде қызметтен өткен полковник әскери атағынан төмен емес оқытушылар, штаттағы оқытушылар санынан «спорт шебері» және одан жоғары атағы барлар, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық және бейіндік пәндері бойынша 35 пайыздан кем болмауы; 7) студенттердің келтірілген контингентіне шаққанда толық оқу цикліне саны кемінде 140 бірлік басылымнан келетін оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы. Бұл ретте қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар оқыту тілдері бойынша оқушылар контингентіне бара бар болуы тиіс. Кітапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша; соңғы 10 жылдағы жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы және басқа да пәндер бойынша негізгі оқу әдебиеті басылымдарын қамтуға тиіс. Институттар, жоғары мектептер, жоғары училищелер үшін электрондық және магниттік жеткізгіштердегі оқу әдебиетімен қамтамасыз етілуі мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің 10 пайызынан кем болмауы; академиялар, консерваториялар үшін мамандықтың оқу жоспары пәндерінің 15 пайызынан кем болмауы; университеттер үшін мамандықтың оқу жоспары пәндерінің 20 пайызынан кем болмауы; 8) жұмыс оқу жоспарларының және жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; 9) білім беру оқу бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті оқу-зертханалық жабдықпен жарақтандырылуы; 10) студенттің бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі; 11) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы; 12) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 13) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; 14) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. «Магистр» академиялық дәрежесін тағайындай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) магистранттарды даярлау мамандығының білім беру ұйымдары ғылыми зерттеулерінің тақырыбына сәйкестігі; 4) тиісті даярлау бағыттары бойынша жетекші ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімнің болуы; 5) жұмыс оқу жоспарларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; 6) әрбір мамандық бойынша ғылым докторының болуы; 7) ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) оқытушылар үлесі: штаттағы оқытушылар санының, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық циклдері және бейінді пәндері бойынша ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар мамандықтар бойынша 45 пайыздан кем болмауы; 9) тиісті бейіндегі ғылыми дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі, отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, магистрлік даярлық мамандығы бойынша оқу құралдары бар жетекші мамандардың, штаттағы оқытушылардың магистранттарға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы; 10) ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 11) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті, не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы материалдық және материалдық емес активтердің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) магистранттың бір жылғы оқуына арналған ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі; 13) ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14) білім беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 15) білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті және қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін оқу-зертханалық жабдықтармен жарақтандырылуы; 16) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы; 17) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 18) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 19) тармақшамен толықтырылды 19) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі. ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Діни оқу орындарының қызметтеріне қойылатын біліктілік талаптары: 1) даярлық бейіні бойынша жоғары діни білімі бар және діни бірлестіктер қоятын талаптарға сәйкес келетін штаттағы оқытушылардың болуы; 2) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 50 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы; 3) білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы, санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына сәйкес келетін материалдық-техникалық базасының болуы; 4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; 5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) осы діни білім беру мекемесінің жұмыс істеу орындылығы негіздемесі бар тиісті діни басқарманың (орталықтың) қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында діни конфессияны тіркеу туралы куәлік көшірмесінің болуы; 7) діни конфессия басшылығы бекіткен даярлық бейіні бойынша білім беру бағдарламаларының (оқу жоспарларының) болуы; 8) мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті қорытындысының болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (резидентура және адъюнктура) оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс стажы, даярлық бейіні бойынша отандық және шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерінде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар әрбір ғылыми даярлық мамандық бойынша резидентура, адъюнктура үшін кемінде екі штаттық ғылым докторының болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 2) тармақшамен толықтырылды 2) тиісті ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, тәжірибелік және материалдық-техникалық базаның болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) білім беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) резидентура, адъюнктура тыңдаушыларының жеке жоспарларына сәйкес қажетті жабдықпен, зертханалармен, кітапханалармен қамтамасыз етілуі; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігі; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) студенттің бір жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгі шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті оқу жылына арналған жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі қаулысында көзделген шығыстар деңгейіне сәйкестігі; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) практикадан өткізу базалары ретінде белгіленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды 9) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы; ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 10) тармақшамен толықтырылды 10) меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық және материалдық емес активтердің болуы. ҚР Үкіметінің 2008.28.05. № 506 Қаулысымен 12-тармақпен толықтырылды 12. Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор: жоғары академиялық дәрежесін тағайындай отырып, докторантура бағдарламалары бойынша жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптары: 1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыру; 2) білім беру ұйымдары жағдайының қолданыстағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестігі; 3) оқытушылар үлесі: штаттағы оқытушылар санының, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының базалық циклдері және бейінді пәндері бойынша ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD), бейін бойынша докторлар, ғылыми атақтары бар оқытушылар мамандықтар бойынша 50 пайыздан кем болмауы; тиісті мамандықтар бойынша философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелері бар шетелдік ғалымдардың болуы; |