| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару»
1. Осы «Әскерге шақырылушыларды әскери есепке қабылдау және одан шығару» стандарты (бұдан әрі - Стандарт) елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды тиімді пайдалану мақсатында әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын адам ресурстарының сандық және сапалық құрамын айқындау мақсатында әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару тәртібін айқындайды. Уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алуды олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жерге келген соң жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 16-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереженің 34 - 71-тармақтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1232 (ҚБПҮ) қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженің 19-тармағының 19) тармақшасы, «Жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысы және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - ЖӘБО), сондай-ақ баламалы негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. ЖӘБО және Орталықтар тізбесі осы Стандарт 2, 3-қосымшаларда көрсетілген. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны тіркеу туралы куәлікте әскери есепке қабылдау/есептен шығару туралы белгі (мөртаңба) қою болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет мыналарды қоспағанда, әскери есепке алуға жатқызылған азаматтардың барлық санаттарына көрсетіледі: 1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер; 2) әскери міндетті атқарудан босатылғандар; 3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеушілер; 4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрақты тұратындар. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері: ЖӘБО-ға өтініш білдірген кезде: 1) құжаттарды ресімдеу мерзімі өтініш берушінің ЖӘБО-ға өтініш берген сәтінен бастап 10 минут; 2) кезекте күту уақыты қажетті құжаттарды өткізген кезде - 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретіндегі күту өтініш берушінің өтініш берген сәтінен бастап 10 минут; Орталыққа өтініш білдірген кезде: 1) құжаттарды ресімдеу мерзімі қажетті құжаттар ЖӘБО-ға түскен күнінен бастап 1 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) құжаттарды тапсыру кезінде кезектегі күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезінде кезектегі күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 30 минут. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында www.mod.kz., сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және ЖӘБО үй-жайларында және Орталықтарда орналасқан стендтерде орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызмет мыналарға ұсынылады: ЖӘБО өтініш білдірген кезде: аптасына төрт күн сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Орталыққа өтініш білдірген кезде: жексенбіні қоспағанда, түскі үзіліссіз, аптасына алты күн, сағат 9.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін, филиалдар мен өкілдіктер үшін кестесі 1 сағаттық түскі үзіліспен 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік қызмет өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілер үшін жағдай көзделген ЖӘБО-ның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орнатылады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданған, дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар сенімді адамдар арқылы өтініш білдіре алады. Мемлекеттік қызмет сонымен бірге өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша қызмет көрсету, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі өтініш білдірушілер үшін жағдай көзделген Орталықтың ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орнатылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
12. Өтініш берушілер әскери есепке алу және одан шығару үшін мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: ЖӘБО-да: 1) әскери есепке қою үшін: жеке куәліктің түпнұсқасы; бұрынғы әскери есепке алу орнынан тіркеу туралы, әскери есептен шығару туралы белгісі бар куәлік; жүргізуші куәлігі (ол бар болған кезде). 2) әскери есептен шығару үшін: белгіленген үлгідегі өтініш; тіркеу туралы куәлік. Орталықта: 1) әскери есепке қою үшін: белгіленген үлгідегі өтініш; жеке куәліктің көшірмесі; бұрынғы әскери есепке алу орнынан тіркеу туралы, әскери есептен шығару туралы белгісі бар куәлік; жүргізуші куәлігі (ол бар болған кезде). Орталықта қосымша: жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстырып тексеру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы ұсынылады (салыстырып тексергеннен кейін қайтарылады), сондай-ақ өтініш бланкісінде жүргізуші куәлігінің (ол бар болған кезде) деректері көрсетіледі. Құжаттар пакетін қабылдау кезінде Орталық қызметкері көшірменің түпнұсқамен сәйкестігін салыстырады және өтініш иесіне түпнұсқаны қайтарады; 2) әскери есептен шығару үшін: белгіленген үлгідегі өтініш; жеке куәліктің көшірмесі; тіркеу туралы куәлік; азаматтарды тіркеу кітабы (тіркеуден алған кезде). Орталыққа қосымша: жоғарыда көрсетілген құжаттармен салыстырып тексеру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы ұсынылады (салыстырып тексергеннен кейін қайтарылады), сондай-ақ өтініш бланкісінде жүргізуші куәлігінің (ол бар болған кезде) деректері толықтырылып жазылады. Құжаттар пакетін қабылдау кезінде Орталық қызметкері көшірменің түпнұсқамен сәйкестігін салыстырып тексереді және өтініш иесіне түпнұсқаны қайтарады. 13. ЖӘБО-да әскери есепке қою және есептен шығару үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не ЖӘБО қызметкерлерінде болады. Орталықта әскери есепке қою және есептен шығару үшін өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтардың консультанттарында болады. 14. ЖӘБО-да құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда «терезелердің» тағайындалуы мен орындалатын функциялары туралы ақпарат орналасады, сондай-ақ ЖӘБО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі. ЖӘБО құжаттарды қабылдаған кезде алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, есепке алу-әліпбилік кітапқа әскерге шақырылушы туралы деректерді енгізеді, 2 дана әліпбилік карта толтырады (әскери есепке алу кезінде) немесе есепке алу-әліпбилік кітаптан әскерге шақырылушының деректерін табады (әскери есептен шығару кезінде), есептен шығарылған күнін, әскерге шақырылушының қандай ауданға, қалаға немесе елді пунктке кететінін көрсетуімен белгі жасайды, тіркеу туралы куәлікте әскери есепке алу немесе есептен шығару туралы белгі (мөртаңба) қояды және өтініш берушіге береді. Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Орталық инспекторы құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына толық сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына беруді жүзеге асырады. Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілім жасауды және ЖӘБО-ға жөнелтуді жүзеге асырады. Қоса берілген құжаттары бар өтініштерді тиісті уәкілетті органға жеткізуді және кері әкелуді Орталық кемінде 2 рет осы өтініштерді қабылдаған күні жүзеге асырады. Орталықтан құжаттарды алғаннан кейін ЖӘБО алынған құжаттардың осы Стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, есепке алу-әліпбилік кітапқа әскерге шақырылушы туралы деректерді енгізеді. 2 дана әліпбилік карта толтырады (әскери есепке алу кезінде) немесе есепке алу-әліпбилік кітаптан әскерге шақырылушының деректерін табады (әскери есептен шығару кезінде), есептен шығарылған күнін, әскерге шақырылушының қандай ауданға, қалаға немесе елді пунктке кететінін көрсетіп белгі жасайды, тіркеу туралы куәлікте әскери есепке алу немесе есептен шығару туралы белгі (мөртаңба) қояды, орындалған құжаттардың тізілімін жасайды және оларды өтініш берушіге беру үшін Орталыққа жолдайды. Орындалған (дайын) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын келіп түсуі тиіс. 15. ЖӘБО қабылданған құжаттар туралы растама бермейді. Өтініш жасаған сәтте өтініш берушіге мыналарды көрсетіп, тіркеу туралы куәлікке әскери есепке қабылдау немесе шығару туралы белгі (мөртабан) қойылады: 1) күні және ЖӘБО-ның атауы; 2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаған ЖӘБО қызметкерінің қолы. Құжаттар Орталық арқылы қабылданған кезде өтініш берушіге мыналарды көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі: 1) құжаттардың нөмірлері мен қабылданған күні; 2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттар саны мен атаулары; 4) құжаттардың берілген күні (уақыты) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі. 16. Өтініш берушіге өзі келген кезде «терезе» арқылы ЖӘБО қызметкерінің әскери есепке қабылдағаны немесе одан шығарғаны туралы белгі бар тіркеу туралы куәлік қолына беріледі. Орталықта өтініш берушіге дайын құжаттарды беруді «терезе» арқылы онда көрсетілген мерзімде қолхаттың негізінде Орталықтың инспекторы жүзеге асырады. 17. Құжаттарда қате (түзетулер, өшірулер) анықталған кезде және өтініш беруші әскери есепке қабылдау және одан шығару мерзімдерін бұза отырып өтініш берген жағдайларда ЖӘБО қызметкері әскери есепке қабылдаудан немесе одан шығарудан бас тарту себебін өтініш берушіге ауызша жеткізеді және өтініш берушіні құжаттарымен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау үшін ЖӘБО бастығына жібереді. Орталықтан келіп түсетін құжаттарды ресімдеуде қателер анықталған кезде не осы Стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған кезде ЖӘБО қызметкері құжаттарды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша түрде негіздей отырып, оларды Орталыққа қайтарады. Құжаттар пакетін алғаннан кейін Орталық өтініш берушіге оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді және уәкілетті органның қайтару себебі туралы жазбаша негіздемесін береді. Өтініш беруші құжаттарды мерзімінде алмаған жағдайда Орталық оларды 1 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды ЖӘБО-ға береді.
18. ЖӘБО және Орталық қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді: адамның конституциялық құқықтарын және еркіндіктерін сақтау; қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау; сыпайылық; пәрменді және толық ақпарат беру; ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы.
19. Өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Олар бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәнін арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.
21. Шағымдану ауызша немесе жазбаша түрде почта арқылы немесе электронды түрде заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады. Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы Орталық ақпараттық-анықтама қызметінің телефоны арқылы алуға болады: 58-00-58. ЖӘБО уәкілетті лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменті атынан департамент бастығының заң жұмысы жөніндегі көмекшілері (заң кеңесшілері) болып табылады. ЖӘБО мекенжайлары мен телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. 22. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша талап-арыз болған жағдайда шағым ЖӘБО бастығының атына немесе жоғары тұрған уәкілетті органға беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша шағымдарды, талап-арыздарды қарау жөніндегі жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті болып табылады. Орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну сапасы бойынша шағым Орталық бастығының атына беріледі. Орталықтың мекенжайы мен телефондары осы Стандартқа 3-қосымшада көрсетілген. 23. Келіп түскен шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде қаралады. Азаматтардың өтініштерін қараудың белгіленген мерзімдері - 30 күнтізбелік күн, ал қосымша ақпаратты алуды және зерделеуді талап етпейтіндер - 15 күнтізбелік күн. Берілген шағымды қарау барысы мен жауапты ЖӘБО-да білуге болады. Орталықта келіп түскен шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге почта арқылы жазбаша түрде хабардар етіледі.
24. Уәкілетті органның және Орталық басшыларының қабылдау уақыты осы Стандартқа 10-тармақта көзделген уәкілетті органның және Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады. Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетіледі. Орталықтың байланыс телефондары 3-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стенділерде көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, еркін экономикалық аймақ, № 2 үй, интернет-ресурсы: www.mod.kz. ЖӘБО байланыс телефондары осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік 1-қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік 2-қосымша
«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару» мемлекеттік 3-қосымша
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||