ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығымен күші жойылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.12.12. № 468-ө-м бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 1-қосымша
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» (2012.12.12. берілген өзгерістермен)
1. Осы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдері) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай жұмыс стажы бар жеке тұлғаларға, еңбек стажына барабар жүзеге асырылатын ақша төлемі; 2) зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - департаменттер) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары; 3) ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - тұтынушы) - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға; 4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|