ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығымен күші жойылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.12.12. № 468-ө-м бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 2-қосымша
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (2012.12.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем; 2) зейнетақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары; 3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) - Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам; 4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; 5) орталықтың филиалы - Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары; 6) уәкілетті ұйымның бөлімшелері - уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|