|
Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы (2025.17.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2025.25.09. № 712 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.05.05. № 374 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2025.25.09. № 712 бұйрығымен (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 323) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ішкі істер министрінің 2025.25.09. № 712 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орындарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін. 2. «Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 мамырдағы № 665 қаулысын орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1996 жылғы 12 тамыздағы № 262 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 285 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (Қ.С. Тыныбеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ.С.Тыныбеков) жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|