Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
«Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығын қараңыз
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 қаулысымен бекітілген
Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді, ішкі су жолдары бойынша жүзу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында жүзу кезінде тиістілігіне қарамастан барлық кемелерге, құрамдарға, салдарға және басқа да жүзу құралдарына қолданылады. 2. Кемелерге және салдарға жазулар (литерлері мен тіркеу нөмірлері) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасында кемені, соның ішінде шағын кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес жазылады. Осы Қағидада көзделмеген жазуларды жазуға немесе суреттерді кемелерге салуға рұқсат етілмейді.
2. Кемелердің қозғалысы және маневр жасау тәртібі
§ 1. Жалпы шарттар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|