Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағиданы бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заныңың 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағида бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Н.И. Қилыбай) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 30 мамырдағы № 325 бұйрығымен бекітілген
Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағида
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағида (бұдан әрі - Қағида) құжаттарды келісу және ресімдеу процедураларының, сондай-ақ жаңартуға мәлімделген таңдап алынған жаңарту деңгейіне сәйкес кемелердің корпусын, оның техникалық құралдарын, технологиялық және электр жабдығын жаңарту кезінде жұмыс көлемінің тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағида мыналарға қолданылады: 1) «Л», «Р», «О» «М», «О-ПР», «М-ПР» және «М-СП» сыныпты техникалық флоттың кеме корпустары; 2) кемелік техникалық құралдар және техникалық флот кемесінің үй-жайлардағы жабдықтары; 3) техникалық флот кемесінің технологиялық жабдығы; 4) техникалық флот кемесінің электр және радионавигациялық жабдығы. 3. Техникалық флот кемесінің немесе оның бөлшектерінің жекелеген топтарын жаңарту туралы шешім қабылдау Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша қабылданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|