Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері (2009.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 31, 471-құжат); 2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1994 жылғы 20 қазандағы № 1949 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 454-құжат); 3) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1997 жылғы 24 қазандағы № 3716 жарлығы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 435-құжат). 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереже Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|