Қарағанды және Ақмола облыстарының жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бұйратау» мемлекеттік табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылданып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағына берілсін. 2. Қарағанды облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын. 3. «Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бұйратау» мемлекеттік табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің, республикалық маңызы бар Белодым және Ерейментау мемлекеттік табиғи қаумалдарының базасында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын. 4. Жалпы алаңы 19209,9 гектар, оның ішінде Қарағанды облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Теміртау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің 7341,9 гектар және Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ерейментау орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің 11868 гектар жер учаскелері орман қоры жерлерінің санатынан алынсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|