Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы
ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 431 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13 бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Д.К.Мұқанова): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң оны ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Табиғат пайдаланушылардың тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 45-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 103 бірлескен бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 наурызда № 6126 тіркелген, 2010 ж. 27 наурыз № 111-112 (25958) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|