Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды Ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2013.04.09. берілген толықтырулармен)
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» № 329 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Стратегиялық жоспарлау департаменті (Д. Қамзебаева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Әкімшілік жұмыс департаменті (Ғ. Әбілова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. «Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 06-2-2/69 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2762 болып тіркелген. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 ж. № 25-28, 939-құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Е. Омаровқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 02-02-18/169 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|