Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж.Серіков) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитетіне (А.Ж. Серіков) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 326 бұйрығымен бекітілген
Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптар (бұдан әрi - Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзiрленген. 2. Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) техникалық-экономикалық негіздемесі Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Талаптарға сәйкес әзiрленедi.
2. Техникалық-экономикалық негіздеменің құрылымы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|