«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері (2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2022.30.12. № 1126 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына, 66-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2022.30.12. № 1126 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкері қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезеңінде мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оған біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кезінде науқастануы, мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға төлеу қағидалары; 2) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|