Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 554 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын. 3. «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 наурыздағы № 299 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 83-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қазанның 11-і.
№ 161
Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ДОКТРИНАСЫ
Мазмұны
Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы (бұдан әрі - Әскери доктрина) мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды (бұдан әрі - әскери жанжалдар) болдырмауға, әскери ұйымды дамытуға, Қарулы Куштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қолдануға көзқарастар жүйесін білдіреді. Әскери доктрина Қазақстан Республикасының әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу мақсаттарын, негізін қалаушы қағидаттары мен нысандарын айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|