«Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 630 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 1412 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 6, 832-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: 3) тармақшадағы «келісімшарт бекітілсін.» деген сөздер «келісімшарт;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған модельдік келісімшарт бекітілсін.»; 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелері ескеріле отырып айқындалады. 3. Құзыретті органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қоса беріліп отырған модельдік келісімшарттардың ережелерін ескере отырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған конкурстардың жеңімпаздарымен барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар жасассын.»; осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|