ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 17 қарашадағы № 10-1/662 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011.30.09. № 06-1/554 бұйрығымен ережемен толықтырылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 439 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік астық инспекторлары туралы (2011.30.09. берілген толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік астық инспекторлары туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік астық инспекторының құқықтық мәртебесін және функцияларын анықтайды. 2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік астық инспекторы және Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік астық инспекторлары Комитеттің мемлекеттік астық инспекторлары болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметке тағайындайтын Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік астық инспекторы болып табылады. 4. Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің облыстық аумақтық басқармалардың бастықтары қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитеттің аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері және лауазымды тұлғалары Комитеттің аумақтық органның мемлекеттік астық инспекторлары (бұдан әрі - мемлекеттік астық инспекторлары) болып табылады. 5. Мемлекеттік астық инспекторлары лауазымына тұруға мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біліктілік талаптарына сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы. 6. Мемлекеттік астық инспекторларының белгіленген үлгідегі бланкілері және мөрлері болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|