Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
«Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 222 бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 1190 қаулысымен бекітілген
Арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасын ресімдеуге қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақты (бұдан әрі - АЭА) құру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде АЭА құруға мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалар пайдаланылады. 2. АЭА құру тұжырымдамасын ресімдеу мына талаптарға сәйкес болуы тиіс: құру мақсатының мазмұны, орналасқан жері, қызметінің басым түрлері, АЭА-ның әлеуетті қатысушылары туралы ақпарат, тиісті өңірдің ағымдағы экономикалық ахуалын және АЭА құрудың экономикаға болжамды әсерін талдау сияқты мәліметтерді қамтиды.
3. Тұжырымдаманың құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды: 1) кіріспе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|