Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттерін мемлекеттік органдарға сенімгерлік басқаруға және иелену мен пайдалану құқығын беру туралы (2022.22.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) тиесілі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне; 2) осы қаулының қосымшасында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Қорға тиесілі акциялар пакеттері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлікпен басқаруға берілсін. 2. Заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне; 2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры», «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне берілсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Републикасының Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен, Қормен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|