Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және (2010.10.03. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2011 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі; 2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 қаулысымен бекітілген
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен шығарылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АҚ - акционерлік қоғам ҰК - ұлттық компания ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
ҚР Үкіметінің 2010.10.03. № 185 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 қаулысымен бекітілген
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АҚ - акционерлік қоғам ҰК - ұлттық компания ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
|