Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 410 Қаулысымен күші жойылды
«Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 27 ақпандағы № 98 бұйрығын қараңыз
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 1342 қаулысымен бекітілген
Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау саласы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 52-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тәртібін айқындайды. 2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде туа біткен және жүре пайда болған аурулардан, сондай-ақ жіті, созылмалы аурулар мен жарақаттардың салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|