Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларация нысанын, қағидалары мен тапсыру мерзімдерін бекіту туралы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
«Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабы 7) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияның нысаны (бұдан әрі - Декларация); 2) Декларацияны тапсыру қағидалары бекітілсін. 2. Декларацияны темекі өнімдерінің импортын және оларды көтерме саудамен өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар ай сайын, есепті айдың кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей тапсырады деп белгіленciн. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1294 қаулысымен бекітілген
Темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 4-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны (бұдан әрі - Декларация) тапсыру және жасау тәртібін айқындайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (440.00-нысан) және оған қосымшалардан 1, 2, 3 (440.01, 440.02 және 440.03-нысандар) тұрады. 3. Декларацияны темекі өнімдерін импорттау мен көтерме саудамен сатуды жүзеге асыратын тұлға (бұдан әрі - декларант) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің тиісті салық органына (бұдан әрі - салық органы) тапсырады. Темекі өнімдерін өндірушілер Декларация тапсырмайды. 4. Декларация тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|