Алматы қаласының аумағындағы кейбір зираттарды жабу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарына, Тұрғын халыққа рәсімдік жоралық (жерлеу) қызмет көрсетуді жобалау, ұйымдастыру тәртібі және елді мекендердегі зираттарды күту туралы Ережеге (ҚР ҚБҚ 1.04-05- 2003) сәйкес және Алматы қаласының Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарында орналасқан зираттардың аумақтарында жобалық сиымдылығына қол жеткізуге және марқұм болғандарды жерлеудің мүмкін еместігіне байланысты Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшаларына сәйкес Алматы қаласының Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарында орналаскан зираттар жабылсын. 2. «Алматы қаласы салттық қызмет көрсетудің арнаулы комбинаты» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте зираттың жер телімі туралы мемлекеттік жер кадастріне оның жабылу сәтінен бастап қырық жыл ішінде оны (жасыл желек отырғызуға) пайдалануға шектеуді көрсете отырып мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
2011 жылғы 11 сәуірде № 2/219 қаулысына 1-қосымша
Алматы қаласы Алатау ауданының аумағында орналасқан жабуға жататын зираттардың тізбесі
1) «Өжет» шағынауданы, Бекболатов көшесінің мекенжайында орналасқан (аралас) зират. 2) Боралдай тас жолының Оңтүстік-батыс мекенжайында орналасқан «Красный трудовик» (христиан) зираты. 3) «Әйгерім» шағынауданы, Абай көшесінің мекенжайында орналасқан (мұсылман) зират.
2011 жылғы 11 сәуірдегі № 2/219 Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|