Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын бекіту туралы (2012.29.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 4 ақпандағы № 53 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 4-5-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 7 қарашадағы № 1302 қаулысымен бекітілген
Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету тәртібін айқындайды.
2. Жарылғыш материалдарды сатып алу тәртібі
2. Жарылғыш материалдарды сатып алу ішкі істер органдарының рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. 3. Жарылғыш материалдарды сатып алуға рұқсат беру үшін ұйым ішкі істер органына: 1) сатып алынатын жарылғыш материалдардың атауы мен саны (салмағы, мөлшері), сатып алуға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің немесе паспортының сериясы мен нөмірі көрсетіле отырып, ұйым басшысының қолдаухаты; 2) тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|