Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы (2013.02.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 Қаулысымен күші жойылды
«Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 269 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1419 қаулысымен бекітілген
Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 13-бабына сәйкес әзірленді және аумақтық және ішкі сулар алып жатқан жер учаскелерін (бұдан әрі - жер учаскесі) жасанды ғимараттарды салу үшін беру тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынандай ұғымдар пайдаланылады: 1) уәкілетті орган - тиісті облыстың жергілікті атқарушы органының табиғатты пайдалану саласындағы құрылымдық бөлімше; 2) жасанды ғимарат - топырақты шаю немесе топырақ салу жұмыстарын немесе өзге технологияларды пайдалана отырып, жүргізілетін жұмыстар арқылы жасалған, күрделі құрылыс объектілері орналасқан су бетіндегі жайлақ объект; 3) тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасы мұнай-газ секторын дамытуға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген, теңізде жасанды гимараттарды жасаушы заңды немесе жеке тұлға. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|