|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат): 1) 15-баптың бірінші бөлігінің у-4) тармақшасындағы «мәмілелер паспорттарын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 42-баптың екінші бөлігіндегі «қымбат» деген сөз «бағалы» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 56-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің» деген сөздер «келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат): 1) 1-бапта: 2) тармақшадағы «қымбат» деген сөз «бағалы» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) келісімшарттың есептік нөмірі - валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге арналған, уәкілетті банктің экспортты (импортты) көздейтін валюталық шартқа беретін тіркеу нөмірі;»; 8) тармақша алып тасталсын; 2) 6-баптың 3-тармағындағы «1), 3)-» деген цифрлар «8),» деген цифрмен ауыстырылсын; 3) 8-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Тіркеу режимі»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Егер резидент талапты басқаға беру немесе борышты аудару нәтижесінде тіркеу режимі қолданылған валюталық шарттың тарапы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тіркелу үшін өтініш жасауға міндетті.»; 2-тармағының 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді 4-тармақтағы «6), 7),» деген цифрлар алып тасталсын; 4) 9-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «9-бап. Хабарлама режимі»; 2-тармақта: бірінші бөлікте: бірінші сөйлемдегі «беру» деген сөз «нысанында хабардар ету» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші сөйлемдегі «жеті жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер резидент талапты басқаға беру немесе борышты аудару нәтижесінде хабарлама режимі қолданылған валюталық шарттың тарапы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде осындай валюталық шарт туралы хабардар етуге міндетті.»; 5) 10 - баптың бірінші бөлігінде: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) заңды тұлғалар үшін - құрылтай құжаттарының (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;»; 2-тармағының 5) тармақшасының төртінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді 7) тармақша алып тасталсын; 6) 12-баптың 4-тармағында: «мәміле паспорттарын ресімдеудің» деген сөздер «келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының» деген сөздермен ауыстырылсын; «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 13-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;»; 8) 16-бапта: 1-тармақта: бірінші бөлікте: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;»; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлар мен теңіз порттарында шет мемлекеттердің кемелеріне қызмет көрсетілгені үшін резидент еместер мен резидент заңды тұлғалар арасындағы төлемдер, сондай-ақ резидент еместердің аэронавигациялық қызмет көрсету, әуежай қызметі көрсететін қызметтерге және теңіз порттарының халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуі;»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері тараптарының бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын операцияларға қолданылмайды.»; 2-тармақтағы «мәміле паспортын тіркеу, хабарлау және ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін тіркеу, хабарлау немесе алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың 2) тармақшасындағы «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын және резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету 1. Қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттандырылған бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер мен резидент еместер шектеусіз жүзеге асырады. 2. Жеке тұлғалар жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларациялаусыз Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы. 3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады. Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетілген, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің бүкіл сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады. 4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында мiндеттi түрде кедендік декларациялануға жатады. 5. Тазартылған құйма алтынды, сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылатын бағалы металдардан жасалған монеталарды Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; 10) 20-баптың 3-2-тармағындағы «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 22-баптың 1-тармағында «жарғылық капиталға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында салымдарды» деген сөздер «ұйымға (оның ішінде жарғылық капиталына) қатысуды қамтамасыз ету мақсатында немесе оның мүлкіне жарна ретінде ақшаны және өзге де мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 25-баптың 2-тармағы «банк» деген сөзден кейін «(оның ішінде жинақ)» деген сөздермен толықтырылсын; 13) 29-баптың 6-тармағында: 2-тармағының 13) тармақшасының екінші абзацы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді 6) тармақша алып тасталсын; 7) тармақша «, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беру туралы белгісі бар валюталық шарт» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының алтыншы абзацын, 5) тармақшасының төртінші абзацын және 13) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 6-ы. № 530-ІV
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |