Ұлттық темір жол компаниясы мен ұлттық тасымалдаушылардың кейбір мәселелерi туралы (2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ұлттық темір жол компаниясы (бұдан әрi - компания) болып белгiленсiн. 2. Мыналар: 1) «Қазтеміржолкөлiк» акционерлік қоғамы - жүктердi тасымалдау жөніндегі; 2) «Жолаушылар тасымалы» ашық акционерлік қоғамы жолаушыларды, багажды, жүк багажды және почта жөнелтiмдерiн тасымалдау жөніндегі ұлттық тасымалдаушылар болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 2006.20.07. № 694 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2008.24.12. № 1244 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Компания жүктердi темір жол көлiгімен тасымалдаушының функцияларын 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін орындайды деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 2005.26.10. № 1076 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Компанияға магистральдық темір жол желiсiнiң берiлуiне байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен компанияға магистральдық темір жол желiсi объектiлерi орналасқан жер учаскелеріне 5 жыл мерзiмге уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығының берiлуiн қамтамасыз етсiн. 4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 3-тармақтағы «магистральдық темір жол желiсiн иелену мен пайдалануды жүзеге асыру» деген сөздер алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
|