|
|
|
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 28.12.02 ж. № 1404 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды 1. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының мүліктiк кешенiнен магистральдық темір жол желiсi шығарылсын. 2. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын және 1-қосымшаға сәйкес оның еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарын қосу жолымен мемлекеттiң 100% акциялар пакетiмен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2004.25.12 № 1389 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қоғам қызметiнiң негiзгi түрлерi магистральдық темір жол желiсiнiң операторы және тасымалдаушысы функцияларын орындау деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 27.04.02 ж. № 479; 25.09.02 ж. № 1051; 28.12.02 ж. № 1404 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және 1-қосымшаға сәйкес оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының мүліктерін, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды; 2) магистральдық темір жол желiсiн Қоғамның иеленуiне және пайдалануына берудi; 3) Қоғамның жарғысын бекітуді және оның мемлекеттік тіркелуін; 4) 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына 1-қосымша "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының қайта ұйымдастырылатын еншiлес мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесi ҚР Үкіметінің 27.04.02 ж. № 479 қаулысымен тізбе өзгертілді 2. "Инфрақұрылым" ЕМК. 3. "Локомотив" ЕМК. 8. "Теміржолсужылужабдықтау" ЕМК. 9. "Жүк тасымалы" ЕМК. 10. "Вагон паркiн басқару жөніндегі бiрiншi мемлекеттік компания" ЕМК. 11. "Вагон паркiн басқару жөніндегі екiншi мемлекеттік компания" ЕМК. 12. "Вагон паркiн басқару жөніндегі үшiншi мемлекеттік компания" ЕМК. Үкіметінiң 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына 2-қосымша Акцияларының пакеттері "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталына берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі ҚР Үкіметінің 27.04.02 ж. № 479 қаулысымен тізбе өзгертілді 1. "Жолжөндеу" ААҚ. 2. "Әскерилендірілген темір жол күзеті" ААҚ. 4. "Жол жөндеуші" ААҚ. 5. "Көлік сервисі орталығы" ААҚ. 6. "Кеденкөліксервис" ЖАҚ. 7. "Көліктелеком" ААҚ. 8. "Жолаушылар тасымалы" ААҚ. 9. "Теміржолмашжөндеу" ААҚ. 10. "Локомотивжөндеу" ААҚ. 11. "Вагонжөндеу" ААҚ. 12. "Теміржолсужылужабдықтау" ААҚ. 13. "Қазкөліксервис" ААҚ. ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 3-қосымша алынып тасталды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына 3-қосымша "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы ҚР Үкіметінің 15.03.02 ж. № 313 қаулысымен құрам толықтырылды Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға; Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Құсайынов Әбiлғазы Қалиәкпарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Рақымбеков Боран Ғизатұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет бiрiншi вице-министрi; Шнейдмюллер Владимир Викторович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi; Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының президенті. Үкіметінiң 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер 1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-27-жолмен толықтырылсын: "21-27 "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ". 2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 160-12-жолмен толықтырылсын: "160-12 "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ". 3. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазкөлiксервис" еншiлес мемлекеттік кәсiпорны мен "Кеденкөлiксервис" жабық акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 9 қаңтардағы № 11 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |