Сауда қызметін реттеу туралы (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 ж. 9 қаңтарда және 2012 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы органдардың», «жергілікті атқарушы органдар», «жергілікті атқарушы органдармен» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттік реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер - квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар; 2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәні - бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген деңгейі, оған дейін сауда қызметі субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларын айқындауға құқылы; 3) бөлшек сауда - кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, сатып алушыға жеке, отбасылық, үй ішінде немесе өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 4) кедендік баждардың квотаішілік ставкасы - белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелім бажының мөлшері (шамасы); 5) кедендік баждардың квотадан тыс ставкасы - белгіленген тарифтік квотадан тыс әкелінетін тауарларға белгіленетін әкелімді кедендік баждың мөлшері (шамасы); 6) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй ішінде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет; 7) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет; 8) рұқсат - осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келісімшарт) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін рұқсат ету құжаты; 9) сауда алаңы - тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуіне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектісінің алаңы; 10) сауда желісі - ортақ басқарудағы және (немесе) бірыңғай коммерциялық белгіні немесе дараландырудың өзге де құралымен пайдаланылатын, екі мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екі және одан да көп сауда объектiлерiнің жиынтығы; 11) сауда қызметi - жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi; 12) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi -уәкiлеттi орган) - сауда қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 13) сауда қызметi субъектici - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 14) сауда объектiсi - арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдің бір бөлігі, құрылыс немесе құрылыстың бір бөлігі, ғимарат немесе ғимараттың бір бөлігі, автоматтандырылған құрылғы немесе көлік құралы; 15) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен принциптердi іске асыру үшiн мемлекеттік органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау және өзге де шаралар жиынтығы; 16) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi; 17) тарифтiк квота - кедендік әкелім бажының қолданыстағы ставкасымен салыстырғанда тауардың белгілі бір санын әкелу кезінде (заттай немесе құнымен алғанда) белгілі бір кезең ішінде кедендік әкелім бажының мейлінше төмен ставкасын қолдануды көздейтін, үшінші елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді реттеу шарасы; 18) тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi; 19) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық - уәкілетті орган беретін лицензияның негізінде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығы; 20) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау - тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпініне мониторинг жүргізу мақсатында белгіленетін уақытша шара; 21) ірі сауда объектісі - сауда алаңы екі мың шаршы метрден кем емес сауда объектісі; 22) iшкi сауда - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi; 23) экспортты дамыту - отандық өндірушілердің тауарларды экспорттау қабілетін дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені; 24) экспортты дамытудың және ілгерілетудің институционалдық жүйесі - өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталған шаралар кешені; 25) экспортты дамытудың және ілгерілетудің экономикалық құралдары - экспортты сервистік қолдау және экспорттаушылардың өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі шығындарының бір бөлігін өтеу; 26) Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық ұйым - өңделген отандық тауарлар экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға; 27) экспортты ілгерілету - Қазақстан Республикасы экспорттаушыларының сыртқы нарықтарға кіруіне жәрдемдесуге бағытталған, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар кешені; 28) экспортты сервистік қолдау - өңделген отандық тауарларды дамытуға және сыртқы нарықтарға ілгерілетуге бағытталған шаралар кешені.
2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi 1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары: 1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту; 2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу; 4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау; 5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады. 2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi: 1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың сауда қызметiне араласпауы; 3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау; 4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау; 5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету; 6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi; 7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретіндегі бiрлiгi; 8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады. 2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды. Осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының осындай заң актілерімен реттелмейтiн бөлiгiнде осы Заңның нормаларымен реттеледi.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау өзгертілді; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 2-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу
5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері 1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары: 1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау; 3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру; 4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау; 5) сертификаттау болып табылады. 2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері: 1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу; 2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу; 4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану; 5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.
6-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) бірыңғай мемлекеттік сауда саясатын жүргізеді; 2) мемлекеттік сауда саясаты бағдарламаларын бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау жөнінде шаралар қолданады; 4) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолданады; 5) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларын қолданады; 6) ішкі сауда қағидаларын бекітеді; 7) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекітеді; 8) сауда қызметі саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкілдіктерін ашуды жүзеге асырады; 9) сауда қызметі саласында келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; 10) уәкілетті органды айқындайды; 11) өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді; 12) сыртқы нарықтарға ілгерілетудегі экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін өңделген отандық тауарлар тізбесін бекітеді; 13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағалардың шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу тәртібін бекітеді; 14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекітеді; 15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының рұқсат етілген шекті мөлшерін бекітеді; 16) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді атқарады.
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 2) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді және қорытындылар дайындайды; 3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 5) сауда қызметi саласында орталық атқарушы органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының қызметiн үйлестiреді; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметіне мониторинг жүргізеді; 7) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді; 8) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейді; 9) республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады; 10) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан өкілдік етеді; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады; 12) тоқсан сайын аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталары беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады; 13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары мөлшерін белгілеудің орындылығын айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді; 14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу және жыл сайынғы негізде оларға бағалардың шекті мәндерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 15) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу тәртібін әзірлейді; 16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептілік, тексеру парақтары нысандарын әзірлейді және бекітеді; 17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-1-бап. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган: 1) өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді; 2) тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша экспорттаушылардың шығындары ішінара өтелетін өңделген отандық тауарлар тізбесін әзірлейді; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары: 1) мемлекеттік сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi; 2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады; 3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 4) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) 4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді; 5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады; 6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады; 7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
9-бап. Сауда қызметi саласында баға белгiлеу 1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметiнің субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды. Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады. 2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы. Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлері артқан кезде сауда қызметінің субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi 1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады. 1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны; 3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы; 4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс; 5) дүңгiршек - арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс; 6) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi; 7) сауда үйi - бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс; 8) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен. Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру ережелерiн, олардың түрлерiн, санаттарын және оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. 3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi. 4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды. 5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады. 6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 1. Көтерме сауда бөлшек сауда жүзеге асырылатын орындардан бөлек орын болған жағдайда мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерi мен базарларда жүзеге асырылады. 2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде сауда объектiлерiнiң меншiк иелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері мен нормативтiк құжаттарының талаптарын, сондай-ақ тауарларды тасымалдау, сақтау және сату үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi. 1. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлерi, базарлар және автомат-нүктелер, дүңгiршектер, автодүкендер, шатырлар, жылжымалы сөрелер арқылы жүзеге асырылады. 2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс. 3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады. 4. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен реттеледi. Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының ережесін қара
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап. Қоғамдық тамақтандыру |