Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 35/06 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө өкіміне сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген: 1) Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасы; 2) Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасы бекітілсін. 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық кәсіпорындардың балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру Нұсқаулығын бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қарашадағы № 25/01 қаулысы (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 22 желтоқсанда 1823-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 4 (20179) «Орталық Қазақстан», 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 7 (20402) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған); 2) «Қарағанды облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін сенім білдірілген басқаруға беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2006 жылғы 20 қарашадағы № 25/02 қаулысы (Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2006 жылғы 5 желтоқсанда 1821-нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 5 (20180) «Орталық Қазақстан», 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 3 (20398) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|