«Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» Жамбыл облысы мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 34-9 шешімімен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 506 бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 08 шілдедегі Орман кодексінің 14 бабына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 1. «Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың кейбір түрлері үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» Жамбыл облысы мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы «22» сәуірде № 1776 тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 69-70 «Ақ жол» газетінде жариялған) келесі өзгерістер енгізілсін: Көрсетілген шешімнің № 2 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын; Көрсетілген шешімнің 3 тармағының 2 абзацы алынып тасталсын. 2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жамбыл облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық иснпекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ.К. Кемелов 7 желтоқсан 2011 ж.
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Жамбыл облысы бойынша салық департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.Қ.Сәрсембаев 7 желтоқсан 2011 ж.
2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 41- 10 шешіміне қосымша
Жамбыл облысы мәслихатының 2011 жылғы 15 наурыздағы № 32-8 шешіміне 2 қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|