Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы (2011.08.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту» мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Кеңес туралы ереже; 2) Кеңестiң құрамы бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады. 2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, білім, өндiрiс пен қаржы-кредит салаларын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; экологиялық қауiпсiздiк, табиғи апаттар туралы ескертулер мен қысылтаяң жағдайларда құтқару проблемаларын шешу үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; ғарыш қызметiн дамыту үшiн мемлекеттік ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық прогресi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiнде ғарыш саласындағы ғылым жетiстiктерiн және жаңа технологияларды пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу. ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау және зияткерлiк меншiктi құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; ғарыш қызметi саласы үшiн кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру жүйесiн құру және космонавтика жетiстiктерiн насихаттау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау және ғарыш саймандарын жасауда оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиiмдi бағыттарын талдау және айқындау. ғарыш қызметi саласында iрi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру барысын тыңдауға; Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш қызметiн дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге; мемлекеттік органдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Кеңестiң құрамына Кеңес төрағасының орынбасары және хатшы кiредi. Кеңес туралы ереженi және оның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 615 қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Кеңестiң төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. Кеңестiң хатшысы Кеңес мәжілісiнiң күн тәртібі бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамаларын ресiмдейдi. Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің, Білім және ғылым, Көлiк және коммуникация, Сыртқы iстер, Әдiлет, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Байланыс және ақпарат, Туризм және спорт, Индустрия және жаңа технологиялар, Қорғаныс, Мұнай және газ, Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау, Төтенше жағдайлар министрлiктерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, сондай-ақ ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн жетекшi кәсiпорындар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары кiредi. 8. Кеңестiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi. 9. Кеңестiң отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. Әрбiр екi жылда Кеңес құрамының 1/3 бөлiгi жаңартылып отырады. Кеңестiң отырысы, егер оған Кеңестiң бекітілген тiзiмдiк құрамының кемiнде 2/3 бөлiгi қатысса заңды болады. Шешiмдер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң ашық дауыс беруi арқылы қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 615 қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.08.07. № 779 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы
|