«Аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 141 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 25, 235-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Аэротүсірілім, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді тіркеу, есепке алу және оларға рұқсаттар беру ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 126 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы № 530 қаулысымен бекітілген
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидалары
Осы Қағидалар «Геодезия және картография туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және оларды беру тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|