Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері
Осы редакция 2011 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге қоса берілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Қаржы ережелерінің 2-бабы b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды қаржыландыруды тиісті жылға арналған республикалық бюджетте 002 «Халықаралық ұйымдарға және басқа халықаралық органдарға қатысу» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 қаулысымен Бекітілген
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы
|