|
|
|
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін кара
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында 15-тараудың 352-бабының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару»; 2) 242-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»; 3) 352-бапта: баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «352-бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару»; бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «жауап беруi» деген сөздер «жауаптар беруi» деген сөздермен, «сарапшының көрiнеу жалған қорытынды беруi» деген сөздер «сарапшының, маманның көрінеу жалған қорытындылар беруі» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9 құжат; № 2, 19, 28 құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 65-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы алып тасталсын; 2) 84-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын: «1-1. Сотқа дейінгі іс жүргізуде зерттеу жүргізу және қорытынды алу қажет болған кезде Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары уәкілетті бөлімшесінің қызметкері маман ретінде тартылуы мүмкін. Тараптар маманның қорытындысымен келіспеген кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган сараптама тағайындайды.»; екінші бөлік «салыстырма зерттеулердi қоспағанда,» деген сөздерден кейін «осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа,» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлік «түсiнiктеме беруге» деген сөздерден кейін «, ал осы баптың 1-1-бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Көрінеу жалған қорытынды берген жағдайда маман заңда белгіленген қылмыстық жауаптылықта болады.»; 3) 115-баптың екінші бөлігіндегі «сарапшының қорытындысымен» деген сөздер «сарапшының, маманның қорытындыларымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 116-баптың үшінші бөлігіндегі «сарапшының қорытындысын» деген сөздер «сарапшының, маманның қорытындыларын» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 137-бап мынадай редакцияда жазылсын: «137-бап. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды қамауда ұстаудың тәртiбi Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше гаупвахталарда және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталуы мүмкiн. Осы Кодекстiң 65-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар анықтау органының бастығы айқындайтын арнайы бейiмделген үй-жайларда ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртiбi мен шарттары заңнамада айқындалады.»; 6) 142-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Айрықша жағдайларда осы Кодекстiң 139-бабында көзделген негiздер болған кезде және 141-бабында көрсетiлген мән-жайлар ескерiле отырып, бұлтартпау шаралары күдіктiге қатысты қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте айыптау күдіктiге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәулiктен кешiктiрiлмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 163, 168, 169, 171, 233 - 237 және 241-баптарында көзделген қылмыстардың ең болмағанда біреуі жасалған жағдайларда - отыз тәуліктен кешiктiрiлмей, ал егер күдiктi адам ұсталып, содан кейiн қамауға алынса, - ұсталған кезден бастап дәл сондай мерзiмде тағылуға тиiс. Егер бұл мерзiмде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасының дереу күші жойылады.»; 7) 201-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын: «6. Осы Кодекстің 233-бабы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, 222-бабының он екінші және он үшінші бөліктерінде, 230, 233-баптарында көзделген тергеу іс-әрекеттерін жүргізген кезде куәгерлерді тарту міндетті болады. Қалған тергеу іс-әрекеттері куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі. Барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісе отырып айқындайды.»; 8) 222-бапта: бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданыла отырып, ал осы баптың он екінші және он үшінші бөліктерінде көзделген жағдайда - куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. тоғызыншы бөліктегі «тергеушi мен куәгерлердiң» деген сөздер «тергеушінің және куәгерлер тартылған кезде олардың» деген сөздермен ауыстырылсын.»; 9) 223-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацындағы «куәгерлердiң көзiнше,» деген сөздер алып тасталсын; 10) 226-баптың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «3. Куәландыруды тергеушi дәрiгердiң немесе басқа маманның қатысуымен жүргізеді. 4. Егер куәландыруда адамның денесi жалаңаштандырылатын болса, онда тергеушi жынысы басқа адамды куәландыру кезiнде қатыспайды. Бұл жағдайда куәландыруды сот медицинасы саласындағы маман немесе дәрiгер жүргiзедi.»; 11) 229-баптың оныншы және он бірінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «10. Тану үшiн көрсету оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзiледi. 11. Танушының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүрiс ерекшелiктерi бойынша тану кезiнде адамды тану үшiн көрсету танушыны танылатын адамның көрiп байқауын болдырмайтын жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн. Танушыға тану үшiн көрсетiлген адамдарды жеткiлiктi көрiп байқау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.»; 12) 232-бапта: төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тiнту куәгерлердiң қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда маманның және аудармашының қатысуымен жүргiзiледi. Алу оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар міндетті түрде қолданыла отырып жүргізіледі, қажет болған кезде маман және аудармашы тартылуы мүмкін.»; он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «14. Тінту кезінде алып қойылатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған басқа да адамдарға көрсетiледi, тінту орнында буып-түйiледi және мөрмен бекiтiледi және куәгерлер мен бұған қатысып отырған адамдардың қол қоюымен куәландырылады.»; мынадай мазмұндағы 14-1-бөлікпен толықтырылсын: «14-1. Алу кезінде алып қойылатын заттар мен құжаттар қатысып отырған адамдарға көрсетiледi, алу орнында буып-түйiледi және мөрмен бекiтiледi және бұған қатысып отырған басқа адамдардың қол қоюымен куәландырылады.»; 13) 235-баптың төртінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Ұсталған почта-телеграф жөнелтiлiмдерiн қарап-тексерудi, алуды және көшiрмесiн түсiрудi тергеушi байланыс мекемесiнде оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданыла отырып жүргiзедi.»; 14) 238-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар қолданыла отырып, қажет болған жағдайларда маманның қатысуымен жүргiзiледi.»; 15) 239-баптың екінші бөлігінің бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: «Тергеу экспериментi оның барысы мен нәтижелерін тіркеп тұратын техникалық құралдар мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.»; 16) 285-бапта: екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «2. Iшкi iстер органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 104, 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 108, 109, 110, 115, 116 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 117 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 118, 119, 123, 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 128 (бiрiншi бөлiгiнде), 132 (бiрiншi бөлiгiнде), 134-137, 139, 140, 141 (бiрiншi бөлiгiнде), 142 (бiрiншi бөлiгiнде), 144, 145 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 175 (бiрiншi бөлiгiнде), 178 (бiрiншi бөлiгiнде), 181 (бiрiншi бөлiгiнде), 183 (бiрiншi бөлiгiнде), 185 (бiрiншi бөлiгiнде), 186 (бiрiншi бөлiгiнде), 187 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 251 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 252 (бiрiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 253, 254 (бiрiншi бөлiгiнде), 257 (бiрiншi бөлiгiнде), 258, 261 (бiрiншi бөлiгiнде), 262, 263 (бірінші және екінші бөліктерінде), 265, 266, 270, 271 (бiрiншi бөлiгiнде), 272-274, 275 (бiрiншi бөлiгiнде), 275-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 276, 287 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290, 291, 292 (бiрiншi бөлiгiнде), 293, 296, 297, 298 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 302 (бiрiншi бөлiгiнде), 317, 320 (бiрiншi бөлiгiнде) 323, 324, 326, 327 (бірінші және екінші бөліктерінде), 328, 329, 330-1, 330-2, 330-3, 332-334, 339 (бірінші бөлігінде), 342, 358 (бірінші бөлігінде), 359, 360 (бірінші бөлігінде), 362-баптарында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.»; алтыншы бөлік алып тасталсын; 17) 297-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер белгiлi бiр соттың барлық судьяларына бөгет болып отырған жағдайларға байланысты сол соттың iстi қарауға мүмкiндiгi болмаса, сондай-ақ істің жан-жақты және объективті түрде қаралуын қамтамасыз ету мақсатында не басқа сотқа беру сот процесіне қатысушылардың жеке қауіпсіздігіне төнген нақты қатермен байланысты болғанда іс тараптың өтiнiшi, судьяның немесе сот төрағасының ұсынуы бойынша бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi мүмкiн.»; 18) 453-бап мынадай мазмұндағы 5-2) тармақпен толықтырылсын: «5-2) жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бала шетінеген жағдайда, не жүктілігі үзілген жағдайда жазаны орындауды кейінге қалдырудың күшін жою туралы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабының үшінші бөлігі);»; 19) 454-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы (осы Кодекстің 453-бабының 3-1-тармағы), шартты түрде соттаудың күшін жою туралы мәселелерді және осы Кодекстің 453-бабының 1-1, 5 және 5-2-тармақтарында көзделген басқа да мәселелерді сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша аудандық және оған теңестірілген сот шешеді.». 3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 19-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) түзеу мекемелерi мен тергеу изоляторларында қоғамдық байқау комиссиясының кемiнде екi мүшесi құрамында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган) белгiлеген тәртiппен кедергiсiз болуға;»; 2) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен өзге де адамдардың жазаны атқарушы мекемелерде, тергеу изоляторларында сол мекемелер әкiмшiлiгiнiң немесе қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының арнаулы рұқсаты бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен болуға құқығы бар.»; 3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Негiзгi жаза ретiнде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi, сондай-ақ негiзгi жазаға қосымша ретiнде айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi, сондай-ақ шартты соттау кезiндегi жазаның атқарылуын ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырады.»; 4) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны тізімдерін қылмыстық-атқару инспекциясының келiсiмiмен облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқару органдары, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмдерi тоқсан сайын сотқа ұсынатын объектiлерде сотталған адамның тұрғылықты жерi бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртіппен атқарады.»; 5) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Түзеу жұмыстары сотталған адамның негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі. Түзеу жұмыстарын орындау жөніндегі қылмыстық-атқару инспекциясының қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»; 6) 46-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «қылмыстық-атқару инспекцияларының қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлген жазаны өтеудiң тәртiбi мен шарттарынан туындайтын талаптарын орындауға;»; 7) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 3-тармақтың 7) тармақшасының екінші абзацының электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзуға (бүлдіруге) қатысты бөлігі 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді «1. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда, тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзу (бүлдіру), сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасау жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.»; 8) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын: 3-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді «1. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеушiлердi қадағалау қылмыстық-атқару инспекциясымен жүзеге асырылады және сотталған адамдарды олардың тұратын жерi мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау және бақылау жасаумен қамтамасыз етіледi. Тиісті бақылауды қамтамасыз ету және сотталған адамдардың жүрген жері туралы ақпарат алу үшін қылмыстық-атқару инспекциялары Қазақстан Республикасының Үкіметі түрлерін айқындайтын электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқылы. Оларды қолдану тәртібі мен қылмыстық-атқару инспекциясының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыруды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды. 2. Сотталған адамға бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу кезiнде оны iшкi iстер органдары соттың санкциясымен жазаны өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн. 3. Жазаны өтеуден әдейі жалтарушы сотталған адамды iшкi iстер органы жалтару себептерiн анықтау үшiн соттың санкциясымен он тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауы мүмкiн. Қажет болған жағдайда, iшкi iстер органы ұсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшiн белгiленген тәртiппен жiбередi және жазаны өтеуден әдейі жалтарғаны туралы деректер болған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адамның бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселенi шешу үшiн материалдарды сотталған адамның ұсталған жерi бойынша сотқа бередi. 3-тармақтың 8) тармақшасының бесінші абзацы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 4. Сотталған адам электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдірген) жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы тиісті акт жасайды. 3-тармақтың 8) тармақшасының алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 5. Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдірген) кезде сотталған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»; 9) 56-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 50-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотталған адамды құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қолданады. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.»; 10) 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тергеу изоляторларының әкiмшiлiгi соттың үкiмi заңды күшiне енгенi туралы хабарламаны алған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмей жазасын өтеуге жiберiледi. Осы мерзiм iшiнде сотталған адамның туыстарымен немесе өзге адамдармен қысқа мерзiмдi кездесуге құқығы бар. Сотталған адамдарды түзеу мекемелерiне жiберу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»; 11) 71-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Сотталған адамдардың орын ауыстыру тәртібі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»; 12) 77-бапта: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Түзеу мекемелерiнде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн Ішкi тәртiп қағидалары қолданылады.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелеріндегі сотталған адамдарға қадағалауды және тексерулер жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»; 13) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қадағалаудың, бақылаудың және күзеттің инженерлік-техникалық құралдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды, оларды пайдалану тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.»; 14) 80-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Ерекше жағдайлар режимі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келiсілген шешiмi бойынша отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге енгiзiледi. Ерекше жағдайлар режимін енгізу тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді. Айрықша реттерде ерекше жағдайлар режимiнiң қолданылу уақыты осы бапта айқындалған тәртiппен қосымша отыз тәулiкке ұзартылуы мүмкiн.»; 15) 84-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сотталған адамдарға өздерiнiң өтiнiшi бойынша ұзақ кездесудi қысқа мерзiмдiсiмен, ал тәрбиелеу колонияларында мекемеден тыс бiрге тұрумен ұзақ кездесудi колониядан тысқары шығатын қысқа мерзiмдiсiмен ауыстыруға рұқсат етiледi. Ауыстыру тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.»; 16) 85-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сотталған адамдардың посылкаларды, сәлемдемелер мен бандерольдердi алу тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.»; 17) 86-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сотталған адамдардың жiберетін және алатын хат-хабарына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен цензура қолданылады.»; 18) 97-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Сотталған адамдарға медициналық көмек көрсету, санитариялық қадағалауды ұйымдастыру мен жүргiзу, денсаулық сақтау органдарының емдеу-профилактикалық және санитариялық-профилактикалық мекемелерiн пайдалану және осы мақсаттар үшiн олардың медицина қызметкерлерiн тарту тәртiбiн қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкiлеттi орган мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |