2012 - 2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2012 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. 2012 - 2014 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2012 жылға мына көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 55535077 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 19240771 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 347870 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 35946436 мың теңге; 2) шығындар - 55339394 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредит беру - -610194 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттерді өтеу - 610194 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 453672 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 453672 мың теңге; 5) бюджет профициті - 352205 мың теңге; 6) бюджет профицитін пайдалану - -352205 мың теңге. 2. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2012 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін: жеке табыс салығы бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына - 100 пайыз, Павлодар қаласына - 54,1 пайыз, Екібастұз қаласына - 67,1 пайыз; әлеуметтік салық бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына - 100 пайыз, Ақсу қаласына - 77 пайыз, Павлодар қаласына - 54,1 пайыз. 3. Облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2012 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін: жеке табыс салығы бойынша: Павлодар қаласына - 45,9 пайыз, Екібастұз қаласына - 32,9 пайыз; әлеуметтік салық бойынша: Ақсу қаласына - 23 пайыз, Павлодар қаласына - 45,9 пайыз, Екібастұз қаласына - 100 пайыз. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|