Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу Қағидаларын бекіту туралы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу Қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (А. Тұрлубек) осы бұйрықтың одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Б.М.Жақсалиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 31 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен бекітілген
Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның ұйымдар және олардың электр зертханаларына аккредиттеуді жүргізу, аккредиттеу туралы куәліктерді беру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|