Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы (2016.12.05. берілген өзгерістермен)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 қаулысымен бекітілген
Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 65-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және халықаралық мектеп мәртебесін беру тәртібін анықтайды. ҚР Үкіметінің 2016.12.05. № 288 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Халықаралық мектеп мәртебесін беру халықаралық білім беру тәжірибесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне интеграциялау, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің дербес әзірленген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің жұмыс істеуінің қалыптасқан практикасы үшін құқықтық база құру мақсатында жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2016.12.05. № 288 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Білім беру ұйымдарының мынадай өлшемдерге сәйкестігі халықаралық мектеп мәртебесін берудің негізгі талаптары болып табылады: 1) мектептің халықаралық білім беру ұйымдарына мүше болуы; 2) мектептің халықаралық институционалды аккредиттеуден немесе Халықаралық Бакалавриат ұйымы тарапынан білім беру бағдарламаларының авторландырудан өтуі; 3) қызметтің барлық бағыттары бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|