Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары (2013.02.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 750 Қаулысымен күші жойылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 қаулысымен бекітілген
Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген әрі мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган - мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган - мемлекеттік статистика саласында басшылықты және өз құзыреті шеңберінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 4) мұнай өнімдері - мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиациялық және дизельдік отын, мазут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|