Павлодар қаласының 2012 - 2014 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2012 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 2011 жылғы 6 желтоқсандағы облыстық мәслихат сессиясының «2012 - 2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 404/40 шешіміне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 15 желтоқсанда № 3193 болып тіркелген), Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Павлодар қаласының 2012 - 2014 жылдарға арналған бюджеті тиісті 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес бекітілсін, соның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде: 1) кірістер - 22 914 827 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 20 347 053 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 120 625 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 254 649 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 2 192 500 мың теңге; 2) шығындар - 22 486 977 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - нөлге тең; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 101 850 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 101 850 мың теңге; 5) бюджет профициті - 326 000 мың теңге; 6) бюджет профицитін пайдалану - -326 000 мың теңге. 2. Павлодар қаласының 2012 жылға арналған бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 6 972 364 мың теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін. 3. Павлодар қаласының 2012 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 310 343 мың теңге сомасында бекітілсін. 4. Павлодар қаласының 2012 жылға арналған бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 5. Кенжекөл селолық округі, Мойылды, Павлодар ауылдары, Ленин кенті әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламалар тізбесі 5, 6, 7, 8 қосымшаларға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|